«Болашақ» президенттік стипендияның түлектері 110 жетім баланың арман-тілектерін орындады

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - «Болашақ» президенттік стипендиясының түлектері «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, Астанадағы жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан 110 баланың арман-ниеттерін орындады.

«Болашақ» президенттік стипендияның түлектері 110 жетім баланың арман-тілектерін орындады

«Ниет ағашы» атты қайырымдылық шарасы 2012 жылы ұйымдастырылды. «SOS «Балалар қалашығы» және қаладағы жетімдер үйінің тәрбиеленушілері аталмыш «ағаштың» жапырақтарына өздерінің арман-тілектерін жазған болатын. Бүгінгі уақытта 110 баланың қалауы орындалды.

 «Болашақ» түлектері қауымдастығының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, балалар негізінен ұялы телефон, MP3-плейер, қысқы күртеше, велосипед, коньки, фотоаппарат, караоке болғанын қалайды екен.