Болашақ шекарашы офицерлер әскери шеберлік мектебінен өтті

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы 3 курс студенттерінің «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік басқармаларындағы өндірістік тәжірибелері аяқталды.

Болашақ шекарашы офицерлер әскери шеберлік мектебінен өтті

Бір айға созылған мерзім ішінде болашақ шекара сақшылары теориялық, әдістемелік білімдерін іс жүзінде пысықтады. Шекара заставалары мен жекелеген өткізу-бақылау бекеттерінде 150-ден астам курсанттар командирлік-ұйымдастырушылық қызметтің қыр-сырына қанықты, жеке құраммен, қызметтік құжаттармен қалай жұмыс істеу керектігімен іс жүзінде танысты.

Бірінші ақпаннан бастап аталған академияның 4 курсының 250-ге жуық курсанттары әскери іс-тәжірибеге аттанатын болады. Болашақ офицерлер «Шығыс», «Жағалау күзеті» және «Оңтүстік» өңірлік басқармаларында іс-тәжірибеден өтеді.

Болашақ офицерлер академиядағы оқу барысында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылған тапсырмаларды орындауға, шешуге қажетті деңгейде әскери білім алып, дайындықтан өтіп шығады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.