«Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» стипендиясын алуға құжаттарды қабылдау мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

 «Биыл «Болашақ» бағдарламасына бастапқыда құжат қабылдау 15 қыркүйекке дейін белгіленген еді. Алайда сұраныстың жоғары болуына байланысты бұл шараларды 15 қазанға дейін үзарту туралы министрдің бұйрығы шықты. Бізде кеше мен бүгін құжатты тапсыруға кезекке тұрғандар саны күрт артты»,-деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешев тілшілерге берген сұхбатында.

Орталық мәліметінше, соңғы үш күнде өтінімді 100-ден астам адам тапсырған.

Белгілі болғандай, 2005 жылдан бері стипендиаттар саны кемдеу болып отыр. Мәселен, өткен жылы 700 стипендия бөлінсе, оның 544-і тағайындалды. Жалпы, 2 мыңнан астам құжат қаралған екен.

 «Ағымдағы жылы да жоспарланған 600 стипендиатқа жеткізе алмаймыз деген күдік бар. Бүгінде 251 стипендия тағайындалды. Қабылданған істердің саны 800-ден асты, 150 үміткер конкурс сынағында. Егер де 100 стипендияны тағайындағанның өзінде, жалпы саны 350-ге жетеді. Құжаттарды қабылдауды 15 шілдеден бастадық. Алайда дәстүрлі түрде барлық үміткерлер соңғы 2-3 күн қалғанда тапсыра бастайды. Сондықтан бұл ұмтылысты ынтыландыру үшін құжат қабылдау мерзімін ұзарттық»,-деді Мелдешев.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2017 жылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 251 стипендия тағайындалды. Олардың 223-і магистратура, 16-сы докторантура, 12-сі тағылымдама бағдарламалары бойынша.

Үміткерлер құжаттарды «электрондық үкімет» порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. «Болашақ» стипендиясы «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша тағайындалады.

Соңғы жаңалықтар