«Болашақ» стипендиясының түлегі Астананың көп балалы отбасына көмектесу үшін қайырымдылық концертін береді
Айжанмен бірге концертке классикалық музыканың жұлдыздары Борис Бровцын (скрипка, Ұлыбритания) мен Ксения Сидорова (классикалық аккордеон, Латвия) қатысады.
Билет құны - 1000 теңге. Билет сатылымынан түскен қаражат Астана қаласының маңында тұратын тұрмысы нашар отбасыларға уақытша тұрғын жайларды салуға құрылыс материалдарды және олардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын болады. Ордабай мен Рано Әжелепесовтер жанұясында 2, 3, 9 және 11 жасар төрт бала бар.
Концерт «Болашақ» қайырымдылық қорының, British-Kazakh Society ұйымының, «E-w@y.kz» компаниясы мен Rixos Hotel Astana қонақ үйінің қолдауымен ұйымдастырылады. Бас демеуші - «Air Astana» компаниясы.
Айта кетейік, музыканттар 27 қазан күні Алматы қаласында концерттерін өткізеді.
Концерт бағдарламасында аргентиналық танго мен классикалық музыканың үздік туындылары бар. Аспапшылардың бағдарламасы классикалық музыканы сүйер қауым мен қарапайым тыңдармандар үшін арналған. Концерт барысында рояль, скрипка, аккордеон аспаптарында орындалатын әйгілі Астора Пиаццоланың аргентиналық тангосы ұсынылады.
Концерт барысында Қазақ Ұлттық өнер университетінің фойесінде Қазақстандағы балалар үйлері мен интернаттар тәрбиеленушілерінің суреттерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Суреттердің сатылымынан түскен қаражат қайрымдылық мақсаттарға жұмсалатын болады.