«Болашақ» түлегінің ісі медиация тәртібімен қаралып жатыр

«Болашақ» түлегінің ісі медиация тәртібімен қаралып жатыр
Фото: freepik

АСТАНА. KAZINFORM – Валерия Гавриленко «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияға оқуға кетіп, содан қайтпай қалған. Кепілге қойған мүлкін шығарып алғаннан кейін Халықаралық бағдарламалар орталығы оқудың ақшасын, яғни 30 млн теңге мемлекет қаржысын гарант болған үшінші тараптан талап еткен.

«В.В.Гавриленконың кепілгерлері М.А.Дарибаева және Н.А.Воробьеваға қатысты ісі бойынша қазіргі сот тағайындаған дауды медиация тәртібімен реттеу процесі жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес қатысушылар кез келген мәліметті медиация тарапының жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқығы жоқ және ол үшін жауапкершілік қарастырылған», - делінген агенттік жолдаған сауалдың жауабында.

Сондай-ақ, «Болашақ» орталығы істің түпкілікті дәрежесі соттың тиісті шешімі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болатынын хабарлап отыр.

Еске сала кетейік, биыл 4 маусымда Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьевадан қарызды өндіру туралы арызы бойынша сот отырысы өтті. 

Айта кетсек, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасының шартын бұзған түлек туралы пікір білдірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram