«Болашақ» түлектері отандық иіссу ойлап тапты

Иіссу
Фото: Voice

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде отандық жаңа иіссу жасап шығарылды. Ол туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

«Алматыдағы Сәтбаев университетінде ашылған біздің 2 эксперименттік зертханамыз өз өнімдерін шығара бастады. Ол - иіссу (духи), отандық өнім. Парфюмды жасап шығару үшін «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлжан Түзелбаева Францияда парфюмерлік іс бойынша арнайы оқып келді. Сонымен қатар Ербол Сағатов - синтетикалық химия бойынша PhD докторы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқыды», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, парфюмерлер иіс судан бөлек, тұрмыстық химия заттарын шығаратын команда құрып жатыр.

Бұған дейін қазақстандық биотехнолог қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарғаны туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар