«Болашақ» түлектері АХҚО-ға жұмысқа шақырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасының түлектері «Астана» халықаралық қаржы орталығына жұмысқа шақырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Қаржы орталығына жұмысқа жоғары білікті кәсібилер шақырылады. Ғылым мен технология трансфертін қамтамасыз ететін тәжірибелі шетелдік қызметкерлермен қатар біз әлемнің жетекші университеттерінде, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасымен білім алған жоғары білімді қазақстандық мамандарды да белсенді тартатын боламыз. Біз бұған дайындалдық десек те болады. Үздік университеттерде шамамен 15 мың жасты дайындадық, олар Қазақстанға оралып, жұмыс істеуде. Қазір де 40 мыңға жуық қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуда. Біз бұл бағдарлама арқылы шетелде өте жақсы адамдарды оқыттық», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті бұған қоса елордадағы «Назарбаев Университетін де жыл сайын 500 білікті маман бітіріп шығатындығын айтты.

Соңғы жаңалықтар