«Болашақ» түлектері аймақтардан тәжірибе жинақтағаны дұрыс - саясаттанушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саясаткер Данияр Әшімбаев «Болашақ» түлектері аймақтардан тәжірибе жинақтағаны дұрыс деп есептейді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
None
None

«Жақында ғана брифингте аймақтарға қызметке тұруға ниет білдірген «болашақтықтарға» жеңілдіктер қарастыру керек деген ой айтылды. Меніңше, бұл - заңды нәрсе. Президент өз сөзінде мамандар аудандарда, жергілікті жерлерде тәжірибе жинақтауы тиіс деп әрдайым айтып келеді. Ең төменгі сатыдан, жоғарыға біртіндеп көтерілуі тиіс деп айтады. Егер біз Мемлекет басшысының өмірбаянына қарайтын болсақ, ол лидер бола білді, осылайша өз елінің дамуын қаматамасыз етті. Ол қарапайым жұмысшыдан бастады, кейін үлкен аппараттық мектептен өтті. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуында бұл тәжірибе теңдессіз жетістіктер әкелді», - деп атап өтті ол.

Саясаттанушының айтуынша, ірі кәсіпкерлердің, банкирлер, жас мамандардың көптігіне қарамастан, Мемлекет басшысы өмірлік және кәсіби тәжірибесі мол мамандарға көп үміт артады.

«Олар даладан келген дипломы бар адамдар емес. Мәселен, Берік Имашев қарапайым тергеуші қызметінен министрге дейін көтерілді, Әсет Исекешев кәсіби-техникалық білім беру мекемесінен кейін ұста маманы болды, қазір инвестиция және даму министрі лауазымын атқаруда. Қанша сынаса да, Президенттің кәсіпқойларға бөліп отырған көңілі өзін-өзі ақтауда. Тәжірибе болмай, жаңа экономиканы құру мүмкін емес. Президенттің «100 нақты қадам» бағдарламасында негізінен осы туралы айтылады», - дейді Д.Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар