Болашақ түлектері саяси реформаларды талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 қаңтардағы халыққа арнайы үндеуінде айтқан билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Оған «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, азаматтық қоғам өкілдері және студенттер қатысты.
«Қазір елімізде демократияландыру мен жаңғыртудың келесі кезеңі басталған кезде, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған реформа мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты үшін ерекше маңызға ие» - деді «Болашақ» қауымдастығының мүшесі, Chaplin's group негізін қалаушы, жас кәсіпкер Молжігіт Жалғас.
Еске сала кетсек, 2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнайы үндеу жолдаған болатын. Онда Мемлекет басшысы Президент, Парламент және Үкімет арасындағы өкілеттікті қайта бөлуге қатысты Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынып, бұл саяси жүйені демократияландыру және мемлекеттік жобаларды іске асыру үшін өте маңызды қадам екенің атап өтті.