«Болашақ» түлектерін «Самұрық - Қазына» қоры жұмыспен қамтамасыз етеді

АНА. Шілденің 15-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ таратқан ақпаратқа сәйкес бүгінде еліміздің еңбек нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру өзекті мәселеге айналып отыр. Орталық президенті Бектұрсын Қалдаевтың айтуынша,  «Самұрық - Қазына» қорымен жасалған меморандумға сәйкес еліміздің индустриялық-инновациялық даму саясаты аясында техникалық бағыттар бойынша маман даярлау ісіне ерекше басымдық берілмек. «Осы құжат бойынша біз «Самұрық - Қазына» қорына қажетті мамандарды әзірлеп, олардың жұмысқа орналасуларына көмектеспекпіз», - дейді Б.Қалдаев.

 Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Жомарт Әбиесовтың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда «Самұрық - Қазына» қоры «Болашақтың» 60 түлегін жұмысқа алуға даяр.

Соңғы жаңалықтар