Болашақ ұстаз арулар байқауының тәжін киді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- 18 жастағы Айна Жұмабаева «Мисс Көкшетау-2017» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл жолғы өңірлік байқаудың ақтық кезеңіне өткен ақылына көркі сай тоғыз ару қатысып, бақ сынады.

Байқау ережесіне сай арулар сахнада шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті, сондай-ақ, коллекциялық киім мен кешкі көйлек үлгісі таныстырды.

Нәтижесінде қазылар алқасының көңілінен шыққан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология және педагогика факультетінің студенті 18 жастағы Айна Жұмабаева жеңімпаз атанып, «Мисс Көкшетау-2017» байқауының тәжін басына киді.

Сонымен қатар, «Мисс көрермендердің көзайымы», «Мисс Инстаграм» және «Мисс фотомодель» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Соңғы жаңалықтар