«Болашақ» зауыты құрылысын аяқтағаннан кейін босаған қызметкерлер еңбекке орналастырылуы тиіс - ҚР Премьері

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьері Кәрім Мәсімов «Болашақ» зауытының құрылысы аяқталуы ауқымындағы босаған қызметкерлерді еңбекке орналастыру жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырды.

«Болашақ» зауыты құрылысын аяқтағаннан кейін босаған қызметкерлер еңбекке орналастырылуы тиіс - ҚР Премьері

Үкімет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары барысында тиісті тапсырма берді.

«Аджип ККО» компаниясының «Болашақ» мұнай мен газды әзірлеу жөніндегі кешенді қондырғысы - Мақат ауданында салынып жатқан ірі нысанның бірі. Бүгінде оның құрылысында 9,5 мың адам жұмыс істейді. Әкімдіктің мәліметтері бойынша, қазірдің өзінде 3,5 мың жұмысшы босаған, оның 2,5 мыңы - еңбекке орналастырылды.

«Жыл аяғына дейін барлық қызметкерлер босайды. Вице-премьер Әсет Исекешевтің басқаруымен жұмыс тобын құру қажет, оған сондай-ақ мұнай және газ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері, Атырау облысының әкімі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілдері енгізілуі тиіс», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

«Ә.Исекешев келесі аптада «Болашақтан» жұмыстан босатылатын адамдарды еңбекке орналастыру жөнінде Астанада кеңес өткізеді. Олар жұмыссыз қалмауы үшін қандай да бір әлеуетті жоларға біз еңбекке орналастыруға тиіспіз», - деді Премьер.

«Егер біліктілігі жетіспейтін болса, қарап көрелік, оларды біз осы біліктілік талаптарына сәйкес болуы үшін қандай орталықтарда оқыта аламыз», - деп атап өтті К.Мәсімов.