Болашақ жастардың ұлтаралық татулық дегенді ұғынып, ұлттық, қоғамдық құндылықтардың бағасына жете білуі маңызды - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында ауыл жастарының жұмыспен қамту мәселесін шешіп,

Болашақ жастардың ұлтаралық татулық дегенді ұғынып, ұлттық, қоғамдық құндылықтардың бағасына жете білуі маңызды - Мәжіліс депутаты

олардың еліміздің аймақтарындағы ірі өндіріс ошақтарында қызмет ете алулары үшін лайықты жағдай жасалатындығын айтты», деді бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында.

 Оның айтуынша, Елбасы бүгінгі Жолдауында сонымен қатар елдегі өте үлкен әрі күрделі проблемалардың бірі - тұрғын үй мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырғандығын атап көрсетті. «Оның ішінде, әсіресе 500 мыңнан астам жас отбасыларға тұрғын үй салып беру мәселесі  ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл үйлердің бірқатары жалға беріледі, тіпті оны кейіннен біржолата сатып алуға да мүмкіншілік жасалып отыр. Осы Жолдаудағы мән берерлік тағы бір маңызды мәселе, тәрбие беру ісіне байланысты. Енді білім беру орындарының деңгейлеріне қарамастан, олардың барлығында тәрбие жұмыстары ерекше қолға алынбақ. Болашақ жастардың ұлтаралық татулық дегенді ұғынып, ұлттық, қоғамдық құндылықтардың бағасына жете біліп, заңға бағынуы өте маңызды»,-деді депутат.