Болашақта адам 200 жылдан артық өмір сүрмеуі тиіс деген заң шығуы мүмкін - қытайлық миллиардер Джек Ма

«Менің ойымша, қолданыстағы технологиялардың мүмкіндігімен алдағы 30-40 жылда адам өзінің ағзасының кодын толықтай ашып, мәңгілік өмірдің дәрі-дәрмегін ойлап табады. Адамзат өмірі ұзарып, қатерлі ісік проблемаларын шеше алады. Осы ретте болашақта бірде-бір адам 200 жылдан артық өмір сүрмеуі тиіс деген заң шығуы мүмкін», - дейді Джек Ма.
Оның пайымынша, болашақта ғаламшарда роботтар көбеюі ықтимал, олар адамға қызмет етіп, кей салаларда адамдарды алмастыруы мүмкін.
«Роботтар ұйқы, жалқаулық дегенді білмейді. Оларға қызметтері үшін тек электр энергиясы ғана керек. Сондай-ақ роботтарда ұмытшақтық деген жоқ. Сондықтан да адам өзін техникамен салыстыра алмайды»,-дейді сарапшы.
Оның айтуынша, бүгінде әлем елеулі өзгеріске ұшырады, технологиялар кез келген елдің дамуы үдерісіне ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, қытайлық бизнесменнің дәулеті бүгінде түрлі есептеулер бойынша 30 млрд. доллардан асты. Джек Ма құрған Alibaba сауда тұғырнамасы айналымы бойынша Amazon және eBay-дан озып келеді.