Болашақта асық ойынының бүкіл әлемге танымал болуын армандаймын - «Алтын сақа» ойынының бас жүлдегері

деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оны қалалықТуризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру дене шынықтыру клубы бірігп ұйымдастырды. «Дәулет» спорт комбинатының ашық алаңында өткен бұл жарысқа биыл 163 ойыншы қатысты. Сайыс балалар мен ерлер арасындағы асық ату және «топай ойыны» бойынша өткізілді. Онда «Топай ойынында» Ілияс Хасенов бірінші, Әлия Садықова екінші, Махмұт Төлеқов үшінші орын алды. Ерлер арасында жүлделі орындарды Ерлан Жүнісов, Әкімжан Жұмабаев және Мұрат Қайсар өзара бөлісті. Балалар арасында Мақсұт Сауданұлы жеңімпаз атанып, Айбек Дихан мен Мағжан Баймағамбетов жүлдегер болды. Ұйымдастырушылар үш топта да - бірінші орынды иелегендерге ЖК - теледидар, 2-ші орын алғандарға - түрлі-түсті теледидар, ал 3-ші орын алғандарға музыкалық орталық сыйлады. №53 мектеп-лицейдің оқушысы Мақсұт Сауданұлы «Алтын сақа» бас жүлдесі үшін болған сайыста ересектерді де қапы қалдырып бұл ойынды балалардан ешкім жақсы ойнай алмайтынын тағы бір рет дәлелдеп шықты.
«Мен кішкентай кезімнен-ақ асық атуды жақсы көремін. Бұл ойынды ауылда жүргенде үйрендім. Астанаға көшкенімізге биыл 6 жыл болды. Асық ойнауды қазір басқаларды үйретіп, оларды бұл ойынға тартып жүрмін. Болашақта асық ойынының бүкіл әлемге танымал болуын армандаймын», дейді жарыстың 14 жастағы ең үздік мергені атанып «Алтын сақаға» ие болған М. Сауданұлы.