Болашақта Қазақстан миграция бойынша тартымды бола түсетінін ескерсек, ұлттық заңнаманы қатайту түсу қажет
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Болашақта Қазақстан миграция бойынша тартымды бола түсуін ескерсек, ұлттық заңнаманы қатайту түсу қажет. Бүгін елордада ЕҚЫҰ аясындағы Шолу конференциясы барысында «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігінің өкілі осылай мәлім етті.
Қоғамдық бірлестік өкілінің айтуынша, қазіргі Қазақстандағы миграциялық үдеріс тарихи сипат алып отыр. «Мемлекет ретінде қазақ халқы үлкен миграциялық нөпірге қатысты ауыртпашылықтарды бастан өткерді. Мәселен, 19 ғасыр басында елімізде халық санын негізінен 100 пайызға дейін жергілікті ұлт өкілдері құраса, 1959 жылғы санақ бойынша қазақтар ұлттық азшылыққа түсіп, бар-жоғы 29 пайызды ғана құраған. Бүгінгі күні қазақтардың саны жағымды сипатқа еніп, олардың еліміздегі көрсеткіші 63 пайыздан асты», деді бірлестік өкілі. Сонымен қатар, елімізде мигранттарға қатысты барлық құқықтық алаң қалыптасқанын айтқан ол, осы бағытта негізгі құжаттардың, оның ішінде халықаралық келісімшарттардың басым бөлігі қабылданғанын атап өтті. «Қазақстан бұдан кейін де миграция мәселесінде тартымды мемлекеттердің бірі болып қала беретіні болжанады. Сондықтан, біздің ойымызша, ұлттық заңнамамызды қатайтып, кейбір нормалардың либералдануы керек», - деді өкіл.