Болашақтағы өркендеуге үлкен қатер тудыратын жаһандық ауқымдағы сын-қатерлер қалыптасуда - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазір болашақтағы өркендеуге үлкен қатер тудыратын жаһандық ауқымдағы сын-қатерлер қалыптасып жатыр, деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде.

Болашақтағы өркендеуге үлкен қатер тудыратын жаһандық ауқымдағы сын-қатерлер қалыптасуда - Н.Назарбаев

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

«Бұрынғы тежеулер мен арасалмақ, держава лидерлері арасындағы сенім жойылып, халықаралық құқықтың тозуын байқап отырмыз», - деп атап өтті бұдан әрі Елбасы қазіргі халықаралық жағдайға талдау жасай келіп.