«Болашақтықтарға» Астана Банкі арқылы стипендия берудегі туындаған мәселелер түсіндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 3 мамырда  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Астана Банкі арқылы стипендия алатын студенттердің Банк енгізген шектеулерге байланысты баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Болашақтықтарға» Астана Банкі арқылы стипендия берудегі туындаған мәселелер түсіндірілді

Орталық вице-президенті Талғат Асқаров туындаған мәселені шешу жолдары туралы айтып, журналистер сұрақтарына жауап берді.

Спикер өз сөзінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан стипендиаттар саны 1304 адам екенін айтты. Жалпы 327 адам Астана Банкі картасы иегерлері, оның ішінде 312 адам шетелде, 15 адам Қазақстанда тілдік курстарда оқып жатқанын жеткізді.

Орталық, Ережеге сәйкес, мамыр айының стипендиясын Астана Банкі арқылы 2018 жылғы сәуірдің 19-20 күндері стипендиаттар есепшотына аударылғанын хабарлады. Стипендия Банк операцияларына байланысты есепшотқа 1-3 күн аралығында түсті. 

Қазіргі уақытта кейбір стипендиаттарда туындаған жайттар бойынша Орталық пен Банк арасында бірнеше келіссөздер өткізіліп, мәселелердің 2018 жылғы 5 мамырға дейін шешілетіндігі алдын  ала хабарланды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Орталық стипендиаттардан ресми өтініш жазуларын сұрайды.