Болашақтың қоғамдық көлігі жер жолмен жүрмейді - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арада қоғамдық көліктің жермен жүретін емес, ұшатын түрі жасалуы мүмкін. Дәл қазіргі уақытта Израиль ғалымдары осы жаңа қоғамдық көліктің қолданысқа енгізілуі жайында жұмыстар жасап жатыр, деп жазады day.az.
Ғалымдар бұл көлік түріне ат қойып үлгерген - Sky Tran.
Бұл жаңалықты жалпыластыру, қолданысқа енгізу үшін олар әуелі 500 метрлік сынақ алаңын жасамақ. Егер жаңа көлік сыннан сүрінбей өтсе кейін ол жүретін аспалы жолдар салынбақ.