Болат Ақшолақов ҚХР елшісімен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті. «Дөңгелек үстел» форматындағы жиынға Қазақстанда жұмыс істейтін қытайлық компаниялардың өкілдері де қатысты. 

Болат Ақшолақов ҚХР елшісімен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Болат Ақшолақов аймақтың Қытаймен экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі екенін айтып, облыстың инвестициялық әлеуеті, «ҰИНТ» және «Атырау» арнайы экономикалық аймақтары, индустриялық алаңдар және инвестиция көлемі шамамен 120 млн доллар болады деп жоспарланған «Еуразия» технологиялық инновациялар паркінің жобасы жайында әңгімелеп берді.

Болат Ақшолақов ҚХР елшісімен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Фото: Атырау облысы әкімдігі

ҚХР елшісі ынтымақтастықтың үш бағытын атап көрсетті. Олар: өнеркәсіп және инвестициялар, экологиялық технологиялар, білім беру мен гуманитарлық байланыстар.

Өнеркәсіптегі перспективалы бағыттар сапында мұнай мен газды терең өңдеу, мұнай-химия, машина жасау және логистика бар. Экологиялық күн тәртібінде шөлейттенуге қарсы күрес, су үнемдеу технологиялары, кәріз жүйелерін және ақаба су тазарту құрылыстарын жаңғырту жобалары көрсетілді. Ал білім беру саласында С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасындағы бірлескен білім беру орталығының жұмысы, өңіраралық және мәдени байланысты одан әрі дамытудың потенциалы айтылды.

Болат Ақшолақов ҚХР елшісімен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Болат Ақшолақов ауыл шаруашылығы және өнімді өңдеу, құрылыс материалдарын шығару және мұнай-химияға инвестиция тарту бойынша ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді. Бұған қоса, су үнемдеу технологияларын қолдану және цифрлық шешімдерді, IT-хаб пен Smart City жобаларын дамытудың мүмкіндіктері де талқыланды.

Болат Ақшолақов ҚХР елшісімен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Фото: Атырау облысы әкімдігі

— Біз серіктестермен ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдарын шығару, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес салаларында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайынбыз, — деді Болат Ақшолақов.

Болат Ақшолақов ҚХР елшісімен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Өңір басшысы кездесуді қорыта келе, қытайлық компанияларды келесі жылдың басына жоспарланған инвестициялық форумға қатысуға шақырды. Ол облыстың инвестициялық атласы дайындалып жатқанын да жеткізді. Елші бұл жайында мүдделі компанияларды хабардар етуге дайын екенін айтты. Тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша әрі қарай жұмыстануға уағдаласты.