Болат Ақшолақов: құрылысты түзетуге қарағанда, бірден дұрыстап салған әлдеқайда арзан

АТЫРАУ.KAZINFORM - Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов құрылыс сапасы және мектептерді жаңа оқу жылына дайындау мәселелері бойынша аппарат отырысын өткізді.

Болат Ақшолақов аппарат отырысын өткізді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Аймақ басшысы мемлекеттік сатып алуды жарияламас бұрын құрылыс жобаларын тексеретін ведомствоаралық комиссия құру жөнінде пәрмен берді. Бұл қателер мен кемшіліктерді құрылыс кезіне дейін жеткізбей, жобаның бастапқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді.

Болат Ақшолақов аппарат отырысын өткізді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жиында мердігерлермен арадағы есеп-қисаптың ашықтығын қамтамасыз ету үшін Open Book ашық баға белгілеу жүйесін енгізу тапсырылды. Сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы алдын ала тексеруге мүмкіндік беретін жасанды интеллект құралдарын енгізу жүктелді.

Болат Ақшолақов аппарат отырысын өткізді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Бұл қателер мен ықтимал жағдайларды жедел анықтап, мамандардың жұмысын оңтайландыруға және адами фактордың әсерін азайтуға жағдай жасайды.

Облыс әкімі мектеп салу және жөндеу мәселелері оқу жылының басталуына санаулы күн қалғанда емес, алдын ала шешілуі тиіс екенін де ерекше атап өтті.

Болат Ақшолақов аппарат отырысын өткізді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Айтылған бағыттар бойынша 10 қыркүйекке дейін ұсыныстар дайындау тапсырылды.