Болат Ақшолақов шығыс өңірді газдандырудың 2 нұсқасын атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің шығыс өңірі Ресейден құбыр тарту арқылы газдандырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шығыс өңірлерді газдандыру үшін министрлік 2 нұсқаны қарастыруда. Бірінші нұсқа - «Қостанай-Астана-Павлодар-Семей-Өскемен» бағыты бойынша газ құбырын салу. Бұл қомақты қаражат салуды, салынған инвестициялардың өтемділігін қамтамасыз ету үшін тұтынушыларға газ тарифтерін ұлғайтуды, сондай-ақ газ кен орындарының жаңа ресурстарын игеруге тартуды талап етеді», - деді Болат Ақшолақов.

Оның атап өтуінше, екінші нұсқада Қазақстан мен Ресей арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында Ресей Федерациясынан газ импорттауды көздейді.

«Бүгінгі таңда Қазақгаз Газпроммен бірлесіп, «Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы» халықаралық газ құбырын салу мәселелерін зерделеу үшін алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу мәселесін пысықтап жатыр», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар