Болат Берсебаев ҚР Президенті Әкімшілігіне жұмысқа ауысты
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бұған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетін басқарған Болат Берсебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жұмысқа ауысуына орай қызметінен босатылды,
деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Ақпарат және мұрағат комитетінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды. Комитет төрағасы болып осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып істеген Болат Калианбеков тағайындалды.