Болат Мешелов БҚО статистика департаментіне басшы болды

статистика
Фото: БҚО статистика департаменті

ОРАЛ. KAZINFORM — Болат Мешелов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы БҚО бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

БҚО статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Болат Тілеуғабылұлы 1981 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2009 жылы Орталық Азия университетін, 2014 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Мақаншы аудандық ауруханасының жүргізушісі болып бастаған.

2006-2007 жылдары «Ere-Херкюль» ЖШС жүргізушісі, 2007-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы статистика басқармасының ауыл шаруашылығы санақ маманы, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы волейбол клубының консультанты, осы басқарманың жүргізушісі қызметтерін атқарды. 

2009-2014 жылдары «Дом Окон» ЖШС директоры, ШҚО статистика жөніндегі есептеу орталығының шаруашылық меңгерушісі, ШҚО статистика департаменті қызмет көрсету саласы статистикасы басқармасының жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы, аталмыш департаменттің тіркелімдер басқармасының бас маманы болды. 

Сондай-ақ 2014 жылдан бастап Аягөз ауданы статистика басқармасының басшысы, Семей қаласы статистика басқармасының басшысы, ШҚО статистика департаменті басшысының орынбасары қызметінде болды. 

Соңғы жаңалықтар