Болат Жәмішев шетелде емделуге қаражат сұрағандардың мәселесі қалай шешілетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелден білікті дәрігерлерді шақыртып, науқастарға көмек көрсету мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина жағынан бізге екі мыңнан астам өтінім келіп түсті. Солардың арасында бионикалық протездер туралы өтінімдер де бар. Елімізде осындай протездерді шығаратын 5-6 фирма бар екені белгілі. Осы орайда тиісті көмек беру мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді Б. Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол біраз адам шетелде емделуге қаражат сұрағанын айтты.

«Елімізде 18 жылдан бері жұмыс істеп жүрген «Жұлдызай» қоры бар. Олар осы уақыт аралығында 800 операцияға шетелден дәрігер мен хирург мамандарды шақыртқан. Біз шетелге артық қаражат жұмсамай, дәрігерлерді осында алдыртып, операцияларды ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Бізге күрделі жағдайға тап болғандар өтінім жазатыны белгілі. Сондықтан бұл адамдардың проблемаларын барынша тиімді шешу жан-жақты пысықтауды талап етеді», - деді қор басшысы.


Соңғы жаңалықтар