Болгар тарихи кешені ЮНЕСКО тізіміне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанда орналасқан Болгар тарихи-археологиялық кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдің ескерткіштер мұрасы тізіміне енгізілді.
"Интерфаксқа" республиканың бірінші президенті, «Татарстан тарихи ескерткіштері мен мәдениетін өрлету республикалық қоры» коммерциялық емес ұйымы кеңесінің төрағасы Минтимер Шаймиевтің айтуынша, Болгар ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген 1002 нысан болып отыр.
Тізімге қосу Катар астанасы Дохада болды. Тарих, архитектура және мәдениет салаларындағы әлемдік сарапшылардан құралған комиссия мүшелері Болгарды өзге де үміткерлермен бірге қарады.