Болгарияда А (H1N1) вирусын жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді

СОФИЯ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - «Доңыз тұмауы» деген атпен танымал А (H1N1) вирусының алғашқы оқиғасы Болгарияда тіркеліп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Дәрігерлердің хабарлауынша, аталмыш вирус жақында АҚШ-тан оралған бір ер азаматтың қанынан табылып отыр. Сырқат ауруханаға жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер «жақсы» деп бағалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, бұл күндері әлем бойынша «доңыз тұмауын» жұқтырғандардың саны 15,5 мыңнан асты, оған қоса бұл қатерлі аурудан 100-ге жуық адам көз жұмған. Мамырдың 29-ындағы Ұйымның ресми мәліметтері бойынша, әлемнің 53 елінде қатерлі тұмауды жұқтырудың оқиғалары тіркеліп отыр.
Соңғы жаңалықтар