Болгарияда кеден қоймасынан 300 келі алтын ұрланды

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Болгарияда кеден қоймасынан 300 келідей алтын ұрланды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Болгарияда кеден қоймасынан  300 келі алтын ұрланды

Оқиға София әуежайында орын алған. Ұрылар қоймадағы сейфтерді бұзып, алтынмен қоса 200 келідей платина мен күміс ұрлаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмысты бірнеше адам жасаған. Қылмыскерлер іздерін жасыру үшін, жүрген жерлеріне виски төккен.