Болгарияда құмды мүсіндер фестивалі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның Бургас қаласында құмды мүсіндер фестивалі ашылды. Осымен 10-рет өткізіліп отырған шарада 9 елден келген 20-дан астам шебер түрлі туындысын ұсынып отыр, деп хабарлайды 24 kz.
None
None

Оның ішінде ертегі қаһармандарымен қатар Чарли Чаплин, Альберт Эйнштейн сияқты әлемге танымал тұлғалар бар. Мүсіншілер өз жұмысында тек құм, балшық және суды пайдаланады. Жалпы шеберлер үшін жағажайға 5 тонна құм әкелінген. Фестиваль қыркүйектің соңына дейін жалғасады.

 «Қазір соғып жатқан мүсіндеріміз ерекше, әрі көлемі үлкен болғандықтан алаңдар мен саябақтарға қойылмайды. Туындылар қысқа уақытта жасалып, көп еңбекті талап етеді. Мүсінді құмнан тұрғызуды көп адам қолдай бермейді. Өйткені ол экологиялық таза болғанымен, тез бүлінеді. Дегенмен туындыларымызды адамдар 2-3 ай тамашалай алады. Келесі жылы жаңасын жасаймыз» ,- дейді мүсінші Дамиан Бумбалов.

Соңғы жаңалықтар