Болгарияда мигранттар арасында жаппай жанжал орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгар астанасы Софияда көптеген мигранттар төбелесті, деп хабарлады украиналық news24 интернет басылымы.
Жанжал кезінде пышақталған үш ауғандық босқын ауруханаға түсті.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жанжалға ақша себеп болған. Төбелескендердің барлығында Болгария аумағында заңды тұруға мүмкіндік беретін құжаттары бар болып шықты.
Сондай-ақ полиция келгенде, жанжалға қатысушылардың біразы оқиға орнынан қашып кеткен. Құқық қорғаушылардың деректеріне сенсек, жаралақат алған ауғандықтар клиникалардың біріне жеткізілген.