Болгарияда полицейлер жалақыны көтеруді талап етіп, көшеге шықты

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Болгарияда полицейлер жалақыны көтеруді талап етіп, көшеге шықты. Ішкі істер министрлігінен Софиядағы Александр Невский шіркеуіне дейінгі аралықта полиция мен түрме бақылаушыларының сап түзеген бой көрсетуі өтті. Мұндай наразылықты көршілес Румыния елінің де тәртіп сақшылары қолдаған. Бір сөзбен айтқанда, полицейлер жалақының көтерілгенін қалайды,

Болгарияда полицейлер жалақыны көтеруді талап етіп, көшеге шықты

деп хабарлайды Лента.ру.

Болгария ІІМ кәсіподақ қызметкерлерінің мәлімдеуінше, наразылық полиция қызметкерлері талабы орындалғанша жалғаса бермек.

Ал, Болгария полицейлері өз проблемаларына 2010 жылдың көктемінен бері назар аударта алмай келеді. Үстіміздегі жылдың наурызында полицейлерден құралған 3 мың адам жалақыларын көтеруді талап етіп, митинг ұйымдастырған еді. Ол кезде қарсылық акциясына республиканың ішкі істер министрі Цветан Цветанов та қатысқан болатын.