Болгарияда пойыз апатынан 15 адам зардап шекті

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Болгарияда, ел астанасы -Софиядан 40 шақырымдай жерде екі пойыз соқтығысып қалды.

Болгарияда  пойыз апатынан 15 адам зардап шекті

Бұл туралы Associated Press агенттігі Болгарияның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлап отыр.

Болгар ведомствосының ақпараты бойынша, Сербиядан Түркияға бара жатқан жолаушылар пойызына болгарлық теміржолшылар мінген қызмет құрамасы соқтығысқан. Оқиға салдарынан 15 адам, оның ішінде 13 жолаушы мен 2 теміржолшы- инженер зардап шеккен.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, апаттың себебі туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ. Факті бойынша тексеру жүргізілуде.