Болгарияда президенттік сайлаудың екінші туры өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияда президенттік сайлаудың екінші туры өтіп жатыр. Оған «Азаматтар Болгарияның еуропалық дамуы үшін» партиясының кандидаты Цецка Цачева мен социалистер өкілі, генерал Румен Радев түсіп отыр, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Сайлауда қай үміткер көп дауыс жинаса, сол жеңіске жетеді. Елде 12 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. Тағы айта кететін жайт, сайлаушылар ел президентімен бірге вице-президентті де таңдайды.
Ал, өткен аптадағы бірінші турда генерал Радев сайлаушылардың 26,45 пайыз дауысын жинап көш бастаса, халықтың 21,38 пайыз қолдауына ие болған Цачева ханым екінші орында тұрақтаған еді.