Болгариядағы аурухананың COVID бөлімінде өрт шығып, үш адам қаза болды

НҚР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен түні Болгарияның Сливен қаласындағы аурухананың COVID бөлімінен шыққан өрт салдарынан 81, 66 және 70 жастағы үш қария қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Болгариядағы аурухананың COVID бөлімінде өрт шығып, үш адам қаза болды

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, ауруханадан өрт шыққаны туралы хабарлама жексенбі сағат түнгі 2:39-да (Мәскеу уақытымен сағат 3:39) келіп түскен. Оқиға орнына екі өрт сөндіру көлігі жіберілді. Өрттің төртінші қабаттағы палатадан шыққаны анықталды. Онда қайтыс болған екі адам мен зардап шегіп, кейіннен көз жұмған тағы бір адамның денелері табылды. Қалған пациенттер қауіпсіз жерге шығарылды. Жалын 15 минуттың ішінде сөндірілді.

Өрттің шығуына пациенттердің бірінің темекі шегіп, сөндіріп кетпеуі себеп болды деп шамаланып отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.