Болгариядан 2500 жылдық ғибадатхана табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Карлово қаласындағы Қола мешіттің түбін қазу жұмыстары кезінде күтпеген жерден ғибадатхана табылды деп хабарлады www.24.kz.

Болгариядан 2500 жылдық ғибадатхана табылды

Ол б.д. дейінгі V-IV ғғ. салынған, деп хабарлайды epochtimes.ru. Археологтар оның жасын ішінен шыққан жәдігерлерге қарап анықтаған. Ғалымдар тапқан грек тиыны мен фракиялық керамика зерттеу жұмысына біраз көмек болған. Олардың болжамына сәйкес, ғибадатхана Одра патшалығы кезінде бой көтерген. Ең қуатты патшалыққа тиесілі болған ғибадатханадан әлі де көп нәрсе табылуы мүмкін екен. Жалпы бұл жерден табылған заттардың басым бөлігі Осман Империясына тиесілі болған көрінеді.