Болгариялық байқаушы Қазақстандағы сайлаудың жоғары стандарттар бойынша өтіп жатқандығын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сайлаудың жоғары стандарттар бойынша өтіп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында болгариялық байқаушы, Болгарияның Өңірлік даму экс-министрі Десислава Терзиева мәлім етті.

Болгариялық байқаушы Қазақстандағы сайлаудың жоғары стандарттар бойынша өтіп жатқандығын атап өтті

«Дауыс беру өте жоғары стандарттармен өтуде. Қазіргі уақытта сайлау барысы, біздің бақылауымызша, бірқалыпты, тыныш жүріп жатыр. Мен дауыс берушілердің жоғары белсенділігіне таңданып отырмын. Сайлау учаскелерінде жасы да кәрісі де көп. Бұл өте үлкен әсер берді. Бізде Болгарияда мұндай белсенділік жоқ», - дейді Д.Терзиева Астанада өткен брифингте.

Оның сөзі бойынша, Қазақстандағы сайлау ашық және жоғары стандарттар бойынша өтуде.

«Мен осы уақытқа дейін бірде-бір шағым көрген емеспін. Мен бірнеше сайлау учаскесінде болдым және онда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың келіп жатқандығы қатты қуантты. Бұл жоғары демократиялыққа жатады», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.