Болгарияның және Румынияның жағалауларында зілзала болды

БУХАРЕСТ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін Болгарияның және Румынияның жағалауларында Мәскеу уақыты бойынша түстің шамасында күшті зілзала болды,

Болгарияның және Румынияның жағалауларында зілзала болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Зілзаланың кіндігі Қара теңізде Болгарияның Варны қаласының шығысында 60 шақырым жерде тіркелген. Румыния Жер физикасы ұлттық институтының деректері бойынша жерасты дүмпулерінің тербелісі Рихтер шкаласы бойынша 5,1 баллды құрайды.

Қирандылар немесе опат болғандар туралы хабарлама жоқ.