Болгарканың ұшқан сынығы егде жастағы ер адамның өліміне әкеліп соқтырды
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алмұрт ауылдық округінде 75 жастағы ер адам өз үйінің ауласында қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.
Болгаркамен жұмыс істеу кезінде диск сынып, оның ұшқыны ер адамның бетіне тиді. Алған жарақаттар салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.