Болгарлық азамат 360 қарсыласпен бір мезгілде шахмат ойнады

СОФИЯ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Болгария тұрғыны Кирилл Георгие демалыс күні шахмат ойнаудан әлемдік рекорд орнатты: ол бір мезгілде қатарынан 360 тақтада ойнады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап. Әлемдік рекорд орнату үшін болгарлық азаматқа қарсыластарының 80 пайызын жеңуі керек еді, бірақ гроссмейстер К.Георгиенің 88,6 пайыз ұпай жинағанын тіркеп отыр. Ол 284 кездесуде жеңіп шығып, 6 тақтада ? жеңілген, 70 ойынды ? тең есеппен аяқтаған. Софияда өткен шахмат жекпе-жегі 14 сағат 8 минутқа созылған. Бұған дейінгі рекорд американдық Сьюзен Полгар ханымдікі болған, ол 2005 жылы қатарынан 326 тақтада ойнап, 309 ойында жеңген, 3 ойында жеңіліп, 14 ойынды тең есеппен аяқтаған.
Соңғы жаңалықтар