Бөлімше командирлерінің курстық даярлығының екінші кезеңі аяқталды - ҚР ҚМ (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жұмылдыру резервін даярлау оқу-жаттығу орталығында кәсіби дағдылары мен жауынгерлік шеберліктерін шыңдаған бөлімше командирлерінің курстық даярлығы аяқталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Бөлімше командирлерінің курстық даярлығының екінші кезеңі аяқталды - ҚР ҚМ (ФОТО)

ҚР Қарулы Күштерінде заманауи техниканы пайдаланатын жеке құрамның жоғары кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, оған жұмсалған әлеуеттің іске асырылу мүмкіндігі тікелей кәсіби даярлыққа байланысты.

Бөлімше командирлері сержанттар құрамының курстық даярлығынан ай сайын өтеді.

Жеке құраммен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды сауатты ұйымдастыруға, сержанттар құрамының дайындық деңгейінің тексерілуіне, сабақтарды өткізудің бірыңғай әдістемесінің әзірленуіне, жеке құраммен тәрбие және жеке жұмысты ұйымдастыруда сержанттарды оқып-үйретуге жіті назар аударылды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлер бөлімшесінің 27 командирі курстық даярлықтан өткендері туралы куәлік алды.

Бүгінгі күні еліміздің Қарулы Күштерінде тәрбиешілермен қатар жеке құраммен жұмыс жасау бойынша күрделі тапсырмалар жүктелген командирлердің рөлі нығайып келе жатқанын айта кетейік. Әскерлерде бөлімше командирі өзінің шағын ғана әскери ұжымында оқу үдерісін ұйымдастырады. Бейбіт және соғыс уақытында ол бөлімшенің жауынгерлік әзірлігіне және олардың жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындауына, жауынгерлік даярлыққа, тәрбиеге, әскери тәртіп пен жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери техниканың сақталуы мен жай-күйіне жауап береді.

2
3