Боливияда 2002 жылы ұрланған XVIII ғасыр туындысы иесіне қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливия шіркеулерінің бірінен 13 жыл бұрын жоғалып кеткен XVIII ғасырда салынған қылқалам туындысын Нью-Йорк коллекционерлері қайтарып берді, деп жазады ВВС агенттігі.

Боливияда 2002 жылы ұрланған XVIII ғасыр туындысы иесіне қайтарылды

Картинаны қайтарушылар оны қандай жағдайда қайдан алынғаны туралы білмегендіктерін айтты. Табылған сурет - 2002 жылы Боливияда жоғалған 12 өнер туындысының бірі. Ұланғаннан соң бір жылдан кейін америкалық Ричард және Роберт Хубер оны ресми түрде Бразилиядан сатып алған. 2013 жылы картина Филадельфиядағы галереяға табысталады. Тек осы уақытта ғана оның Интерпол тарапынан іздеу салынған, ұрланған зат екендігі анықталады.