Боливияда автобус жардан құлап, 18 адам қаза тапты
БУЭНОС-АЙРЕС. ҚазАқпарат - Боливияның орталығында автобус жардан құлап, кем дегенде 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Unitel телеарнасына сілтеме жасап.
Көлік департаментінің басшысы Карлос Эспиносаның айтуынша, қайғылы оқиға салдарынан 18 адам мерт болған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция жұмыс істеп жатыр.
Ел астанасы Сукреге бет алған автобус 150 м биіктіктен құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа жүргізушінің қателігі себеп.
Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқандардың саны артуы мүмкін.