Боливияда автобус жол апатына ұшырап, 20 адам мерт болды
ЛА-ПАС. ҚазАқпарат – Боливияда автобус жол апатына ұшырап, 20 адам мерт болды. Сәрсенбіде Ла-Пас қаласынан 400 шақырым қашықтықта Коломи орталық муниципалитетінде Кочабамба-Санта-Крус тасжолында жолаушылар мінген автобус аударылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Xinhua-ға сілтеме жасап.
Барлығы 39 адам зардап шегіп, Кочабамбы ауруханасына жеткізілді. Қатты жарақат алған жолаушылар жансақтау бөлімінде жатыр.
Автобустың зардап шеккен жүргізушісі ішімдікке тест тапсырды, нәтижесі кейін шығады.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған немесе автобустың тормозы жасамаған, деп хабарлайды The Storiest.