Боливияда екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливияда сенібде Оруро мен Потоси департаменттерін жалғастырып жатқан күре жолда екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты, тағы 37-сі жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боливияда екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты

El Dictamen газетінің полицияға сілтеме жасап жазуынша, барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың бірнешеуі ауыр жаралы.

Алдын ала болжамға қарағанда, жол-көлік апатына жылдамдықты шектен тыс арттыру себеп болған.

Фото: www.tgcom24.mediaset.it