Боливияда көлік карнавалға жиналған топты қаққан, 8 адам ажал құшты

БУЭНОС-АЙРЕС. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Кочабамба департаментіндегі Индепенденсия ауылында карнавал кезінде адамдарды көлік қағып, салдарынан сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы Los Tiempos газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боливияда көлік карнавалға жиналған топты қаққан, 8 адам ажал құшты

Басылымның мәліметінше, көлік 20 адамнан тұратын топқа соғылған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Жағдайы ауыр бірнеше адамды астана департаментіне апарды.

Тұрғындар көлік жүргізушісін полицейлер келгенше ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші мас болған.