Боливияда полицейлер президент Моралестің көлігіне оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливияда полиция қызметкерлері ел президенті Эво Моралестің көлігіне оқ жаудырды, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Көліктің ішінде президенттің болмағаны туралы хабарланады. Оның жүргізушісі ел басшысын ресми астана - Сукре қаласына жеткізуге тиісті ұшақ басқарушысын алып кетуге бара жатқан, деп хабарлады Боливияның ішкі істер министрі Карлос Ромеро. Оның айтуынша, адам өміріне қастандық жасамаққа әрекеттенген төрт адам ұсталып, түсініктерін беріп жатыр.

Оқиға Кочабамба қаласында олардың автомобилі ішінде полицияның екі қызметкері отырған басқа көліктің жолын кесіп өткенде болғаны туралы хабарланады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері көліктерін кілт тоқтатып, бұлардың соңынан екі рет атқан.

Соңғы жаңалықтар