Боливиядағы көшкін салдарынан 5 мың адам баспанасыз қалды

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Боливияның Ла-Пас қаласында қатты көшкін жүрді, ең соңғы мәліметтер бойынша, кем дегенде 400 үй қирап қалды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Боливиядағы көшкін салдарынан 5 мың адам баспанасыз қалды

Қаланың тау етегінде орналасқан ең кедей аудандарының бірі зардап шекті.

Жергілікті билік халықты алдын-ала қауіпсіз жерге көшірген болатын, соның арқасында адам шығыны болмады. Алайда халықтың барлық мүлігі үйінділер астында қалды.

Ла-Пас қаласында 5 мыңға жуық адам баспанасынан айырылды.