Боливиядағы «өлім жолы» әлемдегі ең қауіпті әрі ең әсем жерлердің бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Юнгас провинциясында орналасқан боливиялық «өлім жолы» әлемдегі ең қауіпті әрі ең әсем жерлердің бірі болып саналады.

Боливиядағы «өлім жолы» әлемдегі ең қауіпті әрі ең әсем жерлердің бірі

Жыл сайын ұзындығы 70 шақырымды құрайтын бұл таулы жолда 100-ден 200 адамға дейін ажал құшады. Жылдың басым бөлігінде болатын ауа райының қолайсыздығы, жол сапасының нашар болуы салдарынан мұнда жиі жол-көлік апаты орын алады. Кейде жолаушылары бар автобустар да жолдан таяды. Мәселен 1983 жылы автобустың құзға құлауынан 100-ден астам адам қаза тапты.