Боливиялық 123 жастағы қарт - Жердің ең кәрі тұрғыны

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Флорес Лаура есімді қарт төбесі сабанмен жабылған еден төселмеген лашықта тұрады, деп хабарлады novostiua.net.

Боливиялық 123 жастағы қарт - Жердің ең кәрі тұрғыны

Лаураның үйі Титтикака өзенінің маңында орналасқан. Ұзақ өмір сүрген ақсақал қолына таяқ ұстамайды, ол күн сайын жаяу жүреді, күріш пен кеспе жемейді. Тамаққа қой етін және арпа дәнін және өзі өсірген картоп мен бұршақты пайдаланады. Ол биік таулардан сарқырап ағатын су көздерінен ішеді, спиртті аузына алмайды. Ол ешқашан да қатты ауырмаған. Құжат бойынша ол 1890 жылы 16 шілдеде туылған болып есептеледі. Қанша өмір сүргенін өзі де анық білмейді.