Боливияның оңтүстігінде қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Боливияның оңтүстігінде магнитудасы 6,0 жер сілкінісі болды. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер асты дүмпулері 519 шақырым тереңдікте тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Якуиба қаласының оңтүстік шығысында, 9 шақырым қашықтықта болған.
Әзірге мерт болғандар мен қирандылар жайлы ақпарат түскен жоқ.